USD502.47EUR525.83RUB5.68

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АБИЛИТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ – AMANAT

19 шілде 2023, 17:28
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасы шеңберінде Абай облысында іске асырылып жатқан нысандар қатарына 150 орындық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығын жатқызуға болады.
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АБИЛИТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ – AMANAT

2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған орталық биыл қолдануға берілді. Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының негізгі міндеті – тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық патологияларға, абилитация мен оңалтуды қажет ететін бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау.

Медициналық-әлеуметтік абилитацияға және оңалтуға құқығы бар азаматтардың санаты психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар жатады.

Орталық 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оңалту орталығы технологиялық аймақтарға бөлу қағидалары мен балалар мен ересектерді кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық-әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық оңалтуды жүзеге асыратын және басқа қаладан келгендерге 1 айдан 6 айға дейін уақытша тұруға мүмкіндік беретін стационар және жартылай стационар жағдайындағы оқу-тәрбие мен медициналық оңалту мекемелерінің қажетті элементтерін қамтитын оңалту орталығының функционалдық процестерінің схемасына жауап береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar