
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
І. «Ас адамның арқауы» - көне дәмдерден ас әзірлеу.
Аталған кезеңде әр қатысушы өзі дайындап келген, ұмытылып бара жатқан ас мәзірін әзірлеп, тарихын, дайындалу жолдарын түсіндіруі қажет. Сонымен қатар, дастархан жайып, бауырсақ пісіріп, самаурынға шәй қойып, қонақ күту кәдесін көрсетеді. Бұл кезеңде қатысушыларға 1 сағат уақыт беріледі.
ІІ. Бейне сайыс – байқау тақырыбы «Жас келіннің бір күні».
Байқауға қатысушының бір күндік тыныс-тіршілігін танытатын, ұзақтығы 2 минуттан аспайтын, сапалы түсірілген (720р,1080р) бейнематериал қатысуға берілетін өтінішпен алдын-ала, ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жолдануы тиіс.
ІІІ. Шығармашылық кезең. Бұл кезең үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім: «Текті келін» өзін-өзі таныстыру.
Бұл бөлімде қатысушы өзін кез-келген жанр арқылы таныстыра алады. Жанды дауыста ән, қара өлең, театрландырылған көрініс және т.б. болуы мүмкін.Берілетін уақыт: 2 минут.
Екінші бөлім интеллектуалды сайыс: «Білімді мыңды жығар»
Бұл бөлімде қатысушыларға салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, Қазақстан тарихынан сұрақтар болады. Ойлануға берілетін уақыт: 1 минут.
Үшінші бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.
Бұл бөлімде қатысушы өзі таңдаған жанрда (ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, би, сахналық қойылым, өлең оқу) жанды дауыста өз өнерін көрсетуі тиіс. Берілетін уақыт: 3-5 минут. Өз өнерін көрсету бөлімінде қатысушымен бірге көмекші топтардың қатысуына рұқсат етіледі. Алайда, басты назарда қатысушының өзі болуы тиіс. Өнер көрсетуге қажетті барлық реквизиттер қатысушы тарапынан ұйымдастырылуы керек. Сонымен қатар, музыкалық сүйемелмен ән әуендері (минусовкалары) USB тасымалдағышта болуы керек.
Облыстық келіндер байқауына қатысушылар:
- Семей қаласынан —Ақерке Дәуренбекқызы;
- Абай ауданынан — Еркежан Арнақызы;
- Ақсуат ауданынан —Эльмира Болатбекқызы;
- Аягөз ауданынан —Еркежан Жансерікқызы;
- Бородулиха ауданынан —Мәдина Бейбітқызы;
- Бесқарағай ауданынан —Раушан Махсутканқызы;
- Жарма ауданынан —Диана Ерланқызы;
- Үржар ауданынан — Шынар Конаева
«Аяулы жас келін 2023» облыстық байқауының жеңімпазы Аягөз ауданының келіні — Вадинова Еркежан Жансерікқызы атанды.