
Шабандоз — Хавай Даргербек. Былтырғы жылы Катонқарағай ауданының сәйгүлігі 7 сағат 12 минутта келіп, рекорд орнатқан болатын. Ақсуаттағы 25 шақырымдық Аламан бәйгеде Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылынан қатысқан сәйгүлік топ жарды.
Айта кетейік, аламан бәйгеге Абай облысының атынан жалғыз сәйгүлік қатысқан болатын. Тұлпар иесі — Момышев Совет. Мәре сызығын бірінші болып кескен барлық сәйгүлік иелеріне су жаңа автокөлік кілті табыс етілді.Қалған қатысушылар мен алдыңғы топта оза шапқандарға ақшалай сыйақылар үлестірілді.
Ақсуатта 3 күн бойы өткен «Тұғыры биік Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі мерекелік гала концертпен және отшашумен қорытындыланды.