
Жыр додасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Заитов жүргізді. 16 ақын сынға түскен сөз бәйгесінде 8 ақын суырылып алдыға шығып, супер финалға жолдама алды. 16 ақын бақ сынасқан финалдық бәсекеде Абай облысының атынан сынға түскен Айбек Жеңісқазин топ жарып, Shevrolet Nexia көлігін иеленді.