
Боз кілемдегі белдесуде 25 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынасқан. Қуандық Шадияр — Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен X әлемдік гран-при турнирінің 74 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Әсет Ахметжанов — Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен X әлемдік гран-при турнирінің 90 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Нұрым Сәлімгереев — Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен X әлемдік гран-при турнирінің 100 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ақсуат төрінде үш мәрте еліміздің Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.