USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семейде жеті мыңнан астам бала қоғамдық көлікті тегін пайдалануда

11 наурыз 2020, 12:09
Атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған көп балалы отбасылардың 18 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін арнайы әлеуметтік карта жұмыс істейді.
Семейде жеті мыңнан астам бала қоғамдық көлікті тегін пайдалануда

Білім бөлімі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесіп тізім жасады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бағдарлама әкімшісі Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.

Бүгінгі таңда 7013 бала қоғамдық көлікте тегін жүру құқығымен пайдаланады. Әлеуметтік карта қызғылт сары түсті. Оған баланың мәліметтері, карта нөмірі, мектептен немесе колледжден анықтама көрсетілген.

Сонымен қоса картаға баланың фотосуреті жапсырылған.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar