
«Семей орманы» өрт орнында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері және басқа да жауапты қызметтер жұмыс жүргізуде.
Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, арнайы өрт сөндіру техникасы, тракторлар және басқа да қажетті құралдар жұмылдырылды. Өрт маңында мамандардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Жедел штаб орнына жұмылдырылған мамандармен тілдесу барысында өрт сөндіру техникаларының тапшылығы мен тозуы айтылды. Мәжіліс депутаттары бұл мәселе алдағы уақытта көтерілетінін атап өтті.
Сондай-ақ жедел штаб орнына «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне әкелінген бірінші қажеттілік заттары мен азық-түліктер жеткізілді