
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылды. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, қазіргі уақытта өртті ауыздықтауға арнайы техникадан бөлек бір тікұшақ жұмылдырылған.
"Шамамен бір сағаттан кейін Өскеменнен сөндіру жүйесі бар екінші тікұшақ келеді. Өрт жоғарыдан және жартылай төмен орын алған. Орман шетінен қашықтығы 11 шақырым. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Соған қарамастан Романовка, Камышенка елді мекендерінің шекарасында жер жырту жұмыстары жүргізілуде.
Ауа райы жағдайы: +34 градус, солтүстіктен соққан желдың жылдамдығы 2 м/с.
Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жайылуының алдын алуға және жағдайды жоюға бар күшін салуда.