Ағымдағы жылдың басынан бері Семей қ.ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерімен азаматтарды тіркеуге алумен байланысты 8822 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Екі айда тұрғылықты мекенжайы бойынша 6893 адам тіркеуге алынып, 1273 адам уақытша тіркеуге отырған, 295 азаматтың мекенжай мәліметтеріне түзетулер енгізілді, тұрғылықты жері бойынша 361 адам тіркеуден шығарылды, оның ішінде балалар да бар.
«Енгізілген өзгерістерге сәйкес енді бала 14 жасқа толғаннан кейін ғана тұрғылықты мекенжайы бойынша, уақытша тұратын жері бойынша тіркеуге алынады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 16 бабына сәйкес 14 жасқа толмағандардың немесе қамқорлықтағы тұлғалардың тұратын жері болып олардың заңды өкілдерінің мекенжайы есептеледі»,-деді Семей қ.ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жандос Ахметов.
Осыдан басқа, көші-қон қызметінде енді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген Азаматтық Кодекстің нормаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде баланың тұрғылықты жерін растау үшін олар балада тұрғылықты жері бойынша тіркеудің міндетті болуынкөздеген, ақпараттық жүйелерінен (ЖТ МДБ ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде) ата-аналарының біріне тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет алуы тиіс екенін атап өтті.
Семей қ.ПБ баспасөз қызметі