
Мен өз тарапымнан бар білімім мен күш-жігерімді, бар тәжірибемді қаламыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға жұмсауға тырыстым. Менің екінші үйіме айналған бұл қаланы ұмытпайтыныма сенімдімін», – дейді Олег Чугунков. Жарияланғаннан кейін бір-екі сағат өткен соң ол өзінің жарияланымын OVP парағынан жойды, деп хабарлайды арна. Бородулиха ауданының әкімі өз хатында жуырда «Семей орманы» табиғи резерватының 3500 гектар жерін шарпыған ауқымды орман өртін атап өтті. «Ынтымақ пен бірлікте қызмет еткен ауданды бір жылдан астам басқардым. Жуырда ғана болған орман өртін сөндіруде аудан тұрғындары ауызбіршіліктің, ынтымақтың, жанашырлық пен жедел әрекеттің үлгісін көрсетті. Заман талабы мен қиын сәттерінде тұрғындардың бірлігі маңызды рөл атқарады. Барша жерлестерге шын жүректен алғыс айтамын», - деп жазды Ахметқали Нұрғожин.