
Спорттық флешмоб:
«Бақыт, Күн, Достық - балаларға», «Счастье, солнце, дружба – вот что детям нужно!» (әр түрлі этностардың ойындары, спорттық қозғалмалы ойындар, ритмикалық гимнастика, көше билері және т.б.);
Отбасылық флешмоб:
«Балалар мен ата-аналардың бақыты», «День детей и родительского счастья» (музыкалық отбасы, ән айтатын отбасы, шығармашылық отбасы, спорттық отбасы және т.б.);
Шығармашылық флешмоб:
«Болашаққа бірге!», «Біз әртүрлі болсақ та, біз біргеміз!» «Вместе в будущее!», «Мы разные, но мы равные!» (концерттер, театрландырылған қойылымдар, кездесулер, сурет байқаулары және т.б.).
Флешмобтар балаларды қорғау күнінің ерекше іс-шарасының бірі болды. Балалар мен ересектердің және жасөспірімдердің әл-ауқаты мен қауіпсіздігі мәселесіне бей-жай қарамайтындардың жүрегін жаулап алды.
Абай облысы бойынша білім беру ұйымдарынан екі күндік флешмоб марафонына барлығы 40570 оқушы, 9500 ата-ана және 1780 мұғалім қатысты.
«Балалық шақ әлемі қандай керемет!» республикалық флешмобы әр баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы достық, жақсылық және бейбітшілік бірлігі сынды құндылықтардан құрылатынын атап өтті.