USD483.23EUR534.74RUB5.12

Қазақстанның 11 өңірінде табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтықтарын алды

06 наурыз 2020, 10:56
Қазақстанда табысы аз отбасыларының балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру жалғасуда. Республиканың 11 өңірінің 85 ауданында алушыларға азық-түлік жиынтығы берілді. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Павлодар қалалары бар.
Қазақстанның 11 өңірінде табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтықтарын алды

Алушылардың жалпы саны 9,6 мың отбасындағы 17,6 мың баланы құрады. Жалпы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 64 мың баланы қамту жоспарлануда.

Қарағанды ​​облысының тұрғыны, 4 баланың анасы Мадина Айнашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әлеуметтік топтама ұсыну мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау болып табылады.

«Мен қазір үйдемін, сондықтан кепілдік берілген әлеуметтік топтама түріндегі әлеуметтік қолдау – елеулі көмек. Азық-түлік жиынтықтарына өте ризамын, өте жақсы іріктелген, дәруменге бай. Әлеуметтік топтамада түрлі өнімдер көп, бұл қуантады. Балалардың сұранысын орындауға бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейді, ал жиынтықтарда бал, печенье, таңғы ас бар. Отбасында күйеуім ғана жұмыс істейді, жалақысы аз. Үлкен балалар жазғы демалыста болған кезде мен жұмыспен қамту орталығы арқылы курьер болып жұмыс істедім. Енді мен жұмыс істей алмаймын, өйткені кенже қызым 3 жаста. Жақында біз оны балабақшаға беруді жоспарлап отырмыз, сонда жұмысқа тұруға болады. Қазір көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрамыз», – деді Мәдина Айнашева.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында АӘК тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ету мақсатында түзетуге тапсырма берген болатын. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кешенді түрде жүзеге асырылады және оған: көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама кіреді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КБӘТ азық-түлік жиынтығын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру шығындарын өтейтін болады.

Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін, бірақ әлеуметтік топтаманың құрамы өңірге қарамастан бірдей. Жиын құрамы физиологиялық ерекшеліктерді, азық-түліктің тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде құрылған. Өнімдер дәруменге бай, бұл өсіп келе жатқан организмдегі дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді.

1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтық сүт, печенье, ботқа, үлпек және балалар пюресі. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығы сүттен, макароннан, сұлы үлпектерінен, күнбағыс майынан, гематогеннен, таңғы асқа арналған сүт жастықтарынан, балалар печеньесінен, арпа, қарақұмық жармасынан, бұршақ пен балдан тұрады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия тауарларының жиынтығына тіс пастасы, щетка, крем-сабын, сабын, сусабын, ұнтақ және крем кіреді. Табысы аз отбасының әрбір баласына осы жиынтық тоқсан сайын берілетін болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar