
– Біздің елімізде қасиетті жерлер жетерлік. Сондай жерлердің бірі- Семей, оның ішінде ұлы Абайдың туған жері – Жидебай. Біздің мақсат- ата- баба жеріне тағзым етіп, құран оқып, дұға жасау. Үстіміздегі жыл- Абай жылы болғандықтан, біз де үлкен шараға өз үлесімізді қоссақ дейміз. Оның үстіне Абай дінге жақын болды, өз уақытында медреседе оқыды,- дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұл күні дастархан басындағы сұхбатта қала басшылығымен бірге дінге қатысты сұрақтар жайлы әңгіме өрбіді. Жүздесу соңында тараптар өз ара сыйлықтармен алмасты.
Семей қаласының ақпараттық орталығы