USD448.81EUR476.82RUB4.77

ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

30 мамыр 2023, 16:54
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Ол Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен бірге Бородулиха ауданындағы орман өрті аумағын тікұшақпен айналып өтті. Аймаққа келудегі бірден-бір себеп те осы. Соңғы уақыттардағы аймағымызда болып өткен тілсіз жау кесапатының кесірінен талай орманымыз өртенді. Министр бүлінген жерлерді қайта қалыпқа келтіру мен өрттен қалған жерлерді ретке келтіруді барлаған болатын.
ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Осыдан кейін министр штабта жедел кеңес өткізді. Ведомство басшысына оқиғалардың хронологиясы және орман шаруашылығын қажетті техникамен жабдықтау қажеттігі туралы баяндалды. Бүгінгі күні өрт орнында жергілікті нүктелер бақыланады, аумақты қарауылдау жүргізілуде.

Сағат 11.00-де Зүлфия ханымның халықпен ашық микрафон аясында кездесуі өткізілді. Облыс жұртшылығымен кездесу «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да «Сұрақ-жауап» форматында өтті. Алдымен азаматтарды жеке қабылдап, одан кейін коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер өткізілген болатын. Бүгінгі бас қосу өте маңызды деп естептеймін. Себебе, біздің қаламыз ғана емес, шекаралас аудандар арасындағы әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер бой көтерді.

Кездесу барысында, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде, Абай облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында ұйымдастырылды. Абай облысына қарасты аудандар: Жарма, Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Ақсуат, Үржар шараға тікелей эфир арқылы байланысты. Сол арада жиналған халық сұрақтары мен ұсыныстарын қойды. Министр ханым әрбір сұраққа кері байланыс қолдана отырып жауап берді.

Жиында аудандардан жиналған халық өздерін ойландырып жүрген бірнеше сұрақтарын қойған болатын. Ең көп қойылған сұрақтың бірі Семей полиган зардабы. Бірінші кезекте тұрғындар Семей ядролық полигоны жерлерінің болашағы туралы мәселені қозғады. Экология министрі атап өткендей, Мәжіліс депутаттары да тақырыпты белсенді талқылауда.40 жыл бойы  ел мен жердің құтын қашырған полигон жабылсада, жыры бітпеді.500 мыңдай адам зардап шекті. Оның ішінде қайтқандары қаншама?Осы сынақтың кесірінен қауіпті дертке шалдыққандары тағы бар.Министр өзіне қойылған сұрақтарға толығымен жауап берді. Өзінің құзыреттілігінде жоқ сұрақтарға жауапты мамандарды атап өтті.

 - Парламент Мәжілісінде бұрынғы СИЯП жерлерін оңалту жобасы қаралуда. Заң жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді оңалту қарастырылады. Сонымен қатар, Экология Министрлігі полигон жерлерін зерттеу және заң жобасын түзету үшін сараптама жүргізуде, - деді Зульфия Сүлейменова.

Министр осымен іс бітті деп санамайындарын, мәселені жылы жауып қоймайтынын айтты. Өзінің құзыреттілігінде жоқ сұрақтардың бірі Семей полигоныны зардап шеккен халыққа көмек көрсету, қаржылай ақы қосу. Осы турасында экономика және өзге де министрлерге жеткізетінін, осы шешімін таппаған мәселелерді қарауды ұсынатындығын атап көрсетті. Семей полигоны бойынша жеке заң қабылданатын болады деді,-экология министрі.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мәселесі де өзекті болып қала береді. Облыс орталығында ҚТҚ-ны орамішілік аумақтардан шығару үшін іс-шаралар жоспары әзірленді, қоқыс шығаруға арналған контейнерлік алаңдар мен арнайы техника саны ұлғаюда, жүктеме көлемі үлкен жаңа форматтағы контейнерлер орнатылуда. Бүгінгі таңда Семей қаласының әкімдігі жаңа қоқыс алаңдарын жабдықтап, 240 контейнер орнатты, жақын арада тағы 1000-нан астам еуроконтейнер орнатылатын болады. Сондай-ақ, Абай облысында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде, Семейдегі экологиялық екі айлық аясында коммуналдық қызметтер 100-ден астам заңсыз қоқыс шығару орындарын тазартты, тәртіп бұзушыларға әкімшілік айыппұлдар салынуда.

 ҚТҚ жинау және сұрыптау мәселесі бойынша облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаев сөз сөйледі. Министр қоқысты қайта өңдеу проблемасы қазіргі әлемдегі ең өткір мәселелердің бірі болып табылатынын және кешенді тәсілді, оның ішінде халық тарапынан саналы түрде тұтынуды талап ететінін атап өтті, өйткені жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі артып келеді. Қалдықтардың иерархиясы сақталуы керек екенін есте ұстаған жөн. Біріншісі - олардың санын азайту, екіншісі – қайта пайдалану, үшіншісі – қайта өңдеу. Қайта өңдеу мүмкін емес нәрсе ғана полигонға кетуі мүмкін. Сұрыптауды ұйымдастыру және тұтастай алғанда қайта өңдеу жүйесін ретке келтіру қажет, - деп атап өтті министр.

 Кездесу қорытындысы бойынша экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Үкіметтің халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты іс-шаралар өткізіп отырғанын және Абай облысының тұрғындарын осы процеске белсенді қатысуға шақырғанын атап өтті. Шарада Зүлфия Болатқызы да бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларға табысты жұмыс тілеп, нақты шешім қабылдауға шақырды.

Сымбат ЖАЙСАНБЕКОВА

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar