USD444.22EUR476.38RUB4.82

БАҒДАТ МУСИННІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САПАРЫ

29 мамыр 2023, 17:02
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 26 мамыр күні облысымыздың орталығына алғаш мәрте келген болатын. Қаламызға ат басын тіреудегі бірден бір себебі, министрлік құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдай отырып, тұрғындармен жүздесу еді.Бағдат мырза клісілген атаулы орындарға барып, бірнеше мәселенің түйінін шешті. Ең алдымен, Семей қаласындағы Халыққа арналған жаңа цифрлық кеңсенің салтанатты ашылуы рәсіміне қатысты.
БАҒДАТ МУСИННІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САПАРЫ

New CON-ның орналасқан жері кездейсоқ таңдалмаған. Аталған бірегей кеңсе халық саны 70 мыңнан асатын Қарағайлы, Энергетик шағын аудандарындағы азаматтарды қамтитын болады. Бүгінгі күнге дейін Семей қаласының осы бөлігіндегі тұрғындарға орталықта орналасқан ХҚКО қызмет көрсетіп келеді. №4 халыққа қызмет көрсету орталығынын жалпы аумағы 693 шаршы метрді құрайды.New CON-ның кіреберіс тобына постаматтар орнатылғаннан кейін дайын құжаттар 24/7 режимде берілу үстінде.Бөлімде тәулік бойы бейнебақылау және күндізгі уақытта күзет жүргізілген. Ғимарат өрт және күзет дабылына қосылған.Салтанатты рәсімге Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та қатысты. Жаңа форматтағы халыққа қызмет көрсету орталығын ресми түрде қала әкімі Нұрбол мырза мен министр Бағдат мырза қызыл лентасын кесті.

Жаңа орталықта жаңа жиһаздар мен қажетті техникалық жабдықтар толығымен орнатылған. жаңа халыққа қызмет көрсету орталығында  дайын құжаттар,кіру тобында сәлемдеме терминалдары орнатылған. Жайлылық аймағында 8 терезе, әлеуметтік қызметтер бойынша 4 терезе, құжатнама аймақтар бойынша 4 терезе орнатылған.

Халыққа қызмет көрсету орталығын жаңа форматта ұсынудың негізгі мақсаты - қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау. Қазіргі уақытта орталықта 27 оператор жұмыс істейді. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында, корпоративтік мәдениет пен қызметкерлердің өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады, - деді қызмет көрсету орталығының басшысы Диас Шәрипов.

Жаңа орталықта ресепшн, құжаттарды беру, жылдамдық аймағы, азаматтарға кеңес беру бөлімі және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары бар. Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін оператордың көмегінсіз кез-келген қажетті құжатты өздігінен алуға болатын «Ену аймағы» жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл бөлімде қызметкерлер клиенттерге цифрлық сауаттылықты үйретеді.

Орталыққа келушілер көп. Тұрғындар жаңғыртылған ғимараттағы қызмет  сапасына да дән риза. Министрдің осы орталыққа келгенін  естіп, сауалдары мен талап тілектері бар халықта келген. Соның бірі, Семей қаласының  тұрғыны СәулеАбылқайырова. Сәуле ханым Қарағайлы ауданында тұратындығын, интернет жүйесі бәсеңдеу ұстайтынын айтты.Қаншама жылдар бойы, интернет жүйісінен проблемаларын түсіндіріп өтті. Ал, министр Бағдат мырза беллайн қосымшасын ұстауға кеңес берді.Халықпен жүздесуде, Бағдат Мусин 5 адамның мәселесін қарап, міндетті түрде шешугеуәдесін берді.

Сонымен қатар, Бағдат Мусин Семей қаласындағы Abai it-Valley технологиялық кластеріне барды.Бұл өңірлік IT-қоғамдастық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді оқытуға, өзара іс-қимылға және іске асыруға арналған алаң. Abai it-Valley резиденттері әзірлеген жобалардың ішінде виртуалды 3D зертханасы, ұсақ моториканы дамытатын балабақшаларға арналған модельденген 3D ойыншықтар, NFT - кроссовкалар, агромайнинг және т.б. бар.

Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Astana Hub және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қолдауымен Alikhan Bokeikhan University базасында құрылды. IT-жоба өткен жылдың жазында Семейде ашылды. Ағымдағы жылы Astana Hub қолдауымен технокластер Tech Orda бағдарламасы бойынша 43 ваучер алды. Айта кетейік, IT оқыту саласы жас ұрпақ арасында танымал болып келеді. Қосымша білім ретінде Семей қаласында балаларға арналған 3 бағдарламалау мектебі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оқушылардың жалпы саны 400-ден асты.

Министрге қол жеткізген нәтижелер туралы айтылып, экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында үздік жобаларымызды көрсетілді.Бағдат Батырбекұлы көрме барысын мұқият тыңдап, көптеген пайдалы кеңестер берді және ең бастысы жас әзірлеушілерімізге қолдау көрсетуге уәде берді. Ал мұндай жоғары деңгейде қолдау оларға жаңа биіктерге жетуге керемет серпін берері анық.Сонымен қатар министр оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кету керек, министрге көрсетілген барлық жобалар облыста алғаш рет әзірленіп, жүзеге асырылуда. Кейбір жобаларға 21 миллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Технокластер жұмыс істеген бір жыл ішінде барлығы 51 миллион теңгеден астам қаржы тартты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай 100 000 жоғары білікті IT мамандарын дайындау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде, технокластердің негізінде, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы ең трендті бағыттар бойынша «Tech Orda» бағдарламасы негізінде оқыту жүргізілуде.

Сондай-ақ, министрдің сапары барысында Спорттық бағдарламалау федерациясы, Alikhan Bokeikhan University және «Abai IT-Valley» технологиялық кластері арасында үшжақты Меморандумға қол қойылды. Жақын арада Абай облысында федерацияның ресми өкілдігі ашылады.

Артынша, министр абай облысында Интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасына қол қойылды. Бағдат Мусиннің Абай облысына сапары шеңберінде өңірдің елді мекендерінің интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Қол қою рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.

Осы Жол картасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын интернетке сапалы кең көлемді қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Интернетпен қамтамасыз ету, әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 331 елді мекен, оның ішінде 4 қала орналасқан. Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65% немесе 215 елді мекен интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, 28% немесе 93 ауылда желі жоқ.

Айта кетерлік жәйт, өткен жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімдігі өңірдің елді мекендерін интернетпен және байланыспен толық қамтамасыз ету немесе қосылу сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін жұмысты бастады. Бейінді министрлікке «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде ұялы желі сигналын және интернет сапасын жақсарту үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу қажет ауылдардың тізімі жіберілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar