USD450.79EUR482.21RUB5.05

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысындағы өртті сөндіруге атсалысуда

26 мамыр 2023, 17:15
Өңірдегі өртке қарсы шараларға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының екі жүзге жуық әскери қызметшісі мен армия авиациясының экипаждары жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысындағы өртті сөндіруге атсалысуда

ТЖМ және Қорғаныс министрлігі мамандарының жұмыла көтерген іс-әрекетінің арқасында елді мекендерге төнген қауіп жойылды, алайда орман алқабының күресі әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта өртке оранған орман ауданы 3500 гектарды құрап отыр.

– Бүгін Астанадан күшімізге қосымша тағы бір тікұшақ келді. Өрт ауданында сыйымдылығы 3,5 тонна «Бэмби» аспалы су ағызатыны бар үш Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшағы тартылды. Алты экипаж ауысыммен жұмыс істеуге жұмылдырылды, – деді Семей қаласы авиациялық бөлімінің командирі, бірінші сыныпты ұшқыш полковник Азамат Базылов.

Жұмысты орындау барысында армия авиациясының ұшқыштары қызыл жалынға қарсы жалпы көлемі 200 тоннаға жуық су шашқан.

Инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері арнайы техникада өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін жол салуда, жерді жыртып, отқа тосқауыл қоюда. Одан бөлек жеке құрам қолдағы бар құралдардың көмегімен өрт сөндіруде. Қазіргі уақытта олар тоғыз шаршы шақырымнан аса орман алқабының өртін ауыздықтады.

Жедел штабтың басшылығымен жұмыстар тәулік бойы жүргізілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

7 сағатқа жетпей
7 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar