USD447.4EUR477.55RUB4.76

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

22 мамыр 2023, 17:13
ҚР Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Абай облысында болды. Ғани Бейсембаев Аягөз, Үржар және Жарма аудандарының педагогтерімен кездесулер өткізді.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ғани Бейсембаев кездесу кезінде әсіресе, сапалы білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына және ПББ (педагогтердің білімін бағалау) өткізу ережелеріндегі өзгерістерге баса назар аударды.

«Министрлік «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат – педагогтер бойында тұлғалық, кәсібилік, басқарушылық, сараптамалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту. Бағдарламаға психологиялық тестілеу енгізіліп отыр, ол жас педагогтердің, болашақ көшбасшылардың тұлғалық түрін, табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді министр.

Бұған дейін VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы педагогтер үшін ПББ ережесін оңайлатуды ұсынған болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar