
Қатысушы Жансая жастайынан тігіншілікке әуес болған, бұл іске деген сүйіспеншілік оған анасы мен әжесінен берілген. Жансая декреттік демалыста терможапсырмалар мен шағын тапсырыстар жасап аздап ақша табатын еді. Бірақ Жансая тігіншілікпен шындап айналысып, көбірек табыс тапқысы келді. Қазіргі таңда өзімнің әлеуметтік парақшада өз парақшам бар. Сонымен қатар жас жұптарға арналған бірдей үлгідегі киім үлгісінде жасаймын, тапсырысқа қабылдаймын -деді, Жансая Шәкәрім.
«Табысты отбасы» жобасы туралы естіген Жансая бұл армандарын жүзеге асыруға берілген тамаша мүмкіндік екенін түсінді. «Бұл жоба менің өмірімді түбегейлі өзгертіп қана қоймай, болашаққа мақсат қойып, жоспар құруыма көмектесті. Басты демеуші «Samruk-Kazyna Trust» ал, бұл қордан алған құрал-жабдықтар жоба түлектеріне үлкен қолдау болды», - дейді Жансая.
Қатысушы ерекше спорттық стильде балалар киімін тігуге мамандануды шешті. Қазіргі уақытта оның тұрақты табысы айына 200 мың теңге шамасында.
Шағын тігін цехтің салтанатты ашылуына қалалық мәслихат депутаты, Семей қаласының "Жас қанаттар" ЖҚ АЖК төрағасы, Семей қаласының brilliant шығармашылық және fashion-даму мектебінің негізін қалаушы Мәдина Еділбекова мен сондай-ақ, Абай облыс бойынша жоба тәлімгері Лаура Байділданова шақырылып, ашылу салтанатында салтанатты түрде тиындар мен шашу шашып, ашуылын қызыл лентамен қиды.