
“2023 жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% болады”, – деді Бағдат Мусин.
Министрдің сөзінше, 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ170 мыңнан астам үйді 5G интернетке қосу жоспарланып отыр.
Ал Үкімет басшысы президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистралі бар цифрлық хабқа айналуға тиіс екенін атап өтті.
“Үкімет "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 миллиард теңге бөлу жоспарлануда”, – деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.