USD502.47EUR525.83RUB5.68

Бүгін қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсеновтің туған күні

24 сәуір 2023, 10:45
Аты аңызға айналған партизан, Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылы ШҚО-ның Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. 1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін, оңтүстік-батыс майданының штабына жіберіледі.
Бүгін қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсеновтің туған күні

1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат ету үшін алғашқы ұрысқа аттанады. Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды. Жазушы ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерліктері үшін көптеген орден, медальдармен марапатталды.

«Жас партизандар», «Ажал аузында», «Жау тылындағы бала», «Партизан соқпақтары шығармаларының авторы. 1995 жылы Қасым Қайсеновке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Әйгілі батыр 2006 жылы 89 жасқа қарағанда дүние салды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar