USD474.83EUR515.38RUB5.5

Коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық бар?

26 ақпан 2020, 11:56
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық барын айтты.
Коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық бар?

Оның айтуынша, Қытайда қауіпті дертті жұқтыру дерегі бәсеңсігенімен, әлемнің басқа елдерінде бұл ауруды жұқтырған адамдардың саны артып барады.

Осы орайда бас санитар дәрігер коронавирус жайлаған елдерде Қазақстанның қанша азаматы барын айтты.

"Әрине, бұл мәселе күрделі. Әрбір мемлекетте біздің қаншама азаматымыз бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 34 мың адам, Жапонияда 180 адам, Иранда 170-ке жуық азаматымыз бар. Бұл Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі. Бұл мәселе қатаң бақылауда", - деді Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауға кеңес берді.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar