USD483.23EUR534.74RUB5.12

Қазақстан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлемдік тәжірибені қолданбақ

26 ақпан 2020, 10:40
Отандық автомобиль жолдары саласының өкілдері Швеция астанасы, Стокгольмде жол қозғалысы қауіпсізідігі тақырыбында өткен ІІІ Дүниежүзілік министрлік конференциясына қатысты.
Қазақстан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлемдік тәжірибені қолданбақ

Апаттылыққа қатысты статистикалық мәліметтер бар әлемде рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Тек ресми деректерге ғана сүйенсек, ЖКО-ның салдарынан жылына 1 млрд 35 млн адам көз жұмса, 50 млн адам түрлі жарақат алады. Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғалары жасы 5-тен 29-ға дейінгі балалар мен жастар арасындағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып отыр. Осы жаһандық мәселені шешу жолдары Швеция үкіметі мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мұрындық болған халықаралық форумда талқыланды. Ішінде Қазақстанның өкілдері бар 80 елдің 1500 делегаты апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық бағыттарын анықтады.

Осылайша, шара барысында конференцияға қатысушылар Стокгольм декларациясын мақұлдады. Онда Мемлекет басшылары мен Үкіметтерінің деңгейінде жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының кеңесін өткізу ұсынылған. Құжатта көрсетілген іс жүзіндегі қадамдарға келер болсақ, көліктің неғұрлым қауіпсіз, экологиялық таза түрлеріне көшуді жеделдету, жоғары сапалы медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ автомобильдердің жылдамдығына бақылауды күшейту жөніндегі шаралар ерекше орын алады.

Құрамына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК өкілдері кірген қазақстандық делегация бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, жол қауіпсіздігі саласындағы жаһандық трендтер қаралған семинарға қатысты.

Қазақстанның Стокгольмдегі министрлік кездесуге қатысуы және шара аясында іс жүзінде тәжірибе алмасуы біздің еліміздегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытуда заманауи технологиялар мен ең үздік тәжірибелерді тартуға ықпал етпек.

Айта кетейік, Швеция әлемнің басқа елдері үлгі етер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа Vision Zero тәсілдемесін қолданады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar