
РБК агенттігінің хабарлауынша, көбінесе ресейліктерді Қазақстан, Беларусь, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстанға жұмыс істеуге шақырған.
Сондай-ақ, РФ азаматтарына АҚШ, Түркия, Германия мен БАӘ-ден де ұсыныс көп түскен.
Айта кетейік, бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасы Қазақстанға жұмыс істеуге баратын ресейліктердің саны екі есеге өскенін көрсеткен.
Мәселен, егер 2021 жылы Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында Ресейдің 31 600 азаматы келсе, былтыр 63 000 ресейлік келген.