
Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен бастап бүгінге дейін 500-ден астам адам ғарышқа ұшқан. Олардың арасында қазақтың үш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов бар.
Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут, Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағат 48 минут, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағат 13 минут болған.