
Жаңаөзеннен келген жұмысшылар АстанадағыҚР Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Олар осыған дейін ҚМГ-нің еншілес компаниясы "Өзенмұнайгаз" АҚ үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде ұтылған "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.
Жұмысшыларға жалақыларын сақтай отырып, "Ai-Bis" ЖШС және "Кезби" ЖШС (мұнай сервис қызметтерін көрсетеді) компанияларына жұмысқа орналастыру ұсынылды.