USD502.47EUR525.83RUB5.68

Елімізде алты өнім түрлерінің бағасы арзандады – Министр

11 сәуір 2023, 14:53
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік тауарларының алты түріне бағаның тұрақты төмендегенін мәлімдеді
Елімізде алты өнім түрлерінің бағасы арзандады – Министр

Министр осымен алтыншы апта қатарынан алты өнім түрінің арзандағанын айтты. 

“Қарақұмық, күнбағыс майы, қант, тауық еті (өткен аптада), картоп, сәбіз арзандады. Қазір Қазақстан бойынша бұл бағалар 1040 сауда нүктесіне жетті", - деді Жұманғарин. 

Министр сонымен қатар қазір елімізде картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз бойынша тапшылық жоқ екенін мәлімдеді.

"Кәсіпкерлер үшін 20 мың тонна пиязды экспортқа аштық. Қазірдің өзінде жаңа өнім егіліп жатыр. Қант пен күрішті де өзіміз жеткілікті мөлшерде өндіреміз", - деп қосты ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar