
Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, 8 сәуір, кешкісін сағат 18:30 шамасында Шымкент қаласында автобус апаты болды. Аялдама жанында тұрған №21 бағыттағы автобус орнынан жүріп кетіп, жолдың қарсы бағытына шыққан. Жаяу жүргінші жолағындағы 6 адамды соқты. Оның бесеуі ауыр жарақат салдарынан көз жұмды, біреуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты.