USD523.2EUR594.3RUB6.38

Алдағы уақытта құтқарушылар 48 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік алады

07 сәуір 2023, 10:57
Премьер-Министр Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін мәлім етті деп хабарлайды
Алдағы уақытта құтқарушылар 48 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік алады

"Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр", -  делінген жауапта.

Осы ретте құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқармақ.

"Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады", - деп жазады Премьер-Министр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

6 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar