
2019 жылы қолға алынған 69 жоба бойынша 18 нысан қолданысқа берілді. Соның нәтижесінде 2015 жылдан бері ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамту көрсеткіші 42-ден 67%-ға дейін өсті. Сонымен қоса 77 шағын ауылда су тазарту және тарату блок-модульді станциялары орнатылды.
Биыл 30 сумен қамту және су тарту нысанын қолданысқа беру, сонымен қатар 50 шағын ауылда суды тазарту және тарату блок-модульді станцияларын орнату жоспарланып отыр.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, 2020 жылы өңірде орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдардың үлесі 76,5% болса, сапалы ауызсуға қолы жеткен ауыл тұрғындарының үлесі 81% болады.