USD502.47EUR525.83RUB5.68

"Жел күшейіп, жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады

05 сәуір 2023, 16:51
"Қазгидромет" алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауатынын болжады

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

“6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Кей аймақтарда қатты нөсер болады", – делінген хабарламада.

7 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ қарлы жауын болуы ықтимал.

"Республикада жел күшейіп, тұман болады. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болады”, – деп ескертті синоптиктер.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar