USD479.38EUR531.63RUB5.27

Ауыл-аймақтағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған 54 жоба қолға алынды

21 ақпан 2020, 09:49
Тұрғындар алдында есеп берген өңір басшысы Даниал Ахметов бүгінде облыстың 40 пайызға жуық халқы тұрып жатқан ауыл-аймақ тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ерекше назар бөлініп отырғанын атап өтті.
Ауыл-аймақтағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған 54 жоба қолға алынды

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Глубокое, Көкпекті, Күршім және Үржар сияқты 4 тірек ауылда жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге жуық 8 жоба іске асырылды. Аталмыш жобалар шеңберінде елді мекендердегі көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп, үш дене шынықтыру – сауықтыру кешені (Көкпекті, Күршім, Үржар) мен бір Мәдениет үйінің (Глубокое кенті) іргетасы қаланды.

2020 жылы 20 елді мекенде құны 7,2 млрд. теңгелік 54 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Облыстың 116 тірек ауылы арнайы жобаға еніп, мемлекеттік қолдауға ие болады.

Бұдан бөлек, Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар сияқты шекаралық аудандарды 2020-2024 жылдарға арналған дамыту жоспары бекітілді. Бес жыл ішінде бұл мақсатқа түрлі көздерден 207 млрд. теңге жұмсау көзделіп отыр. Инвестициялар кәсіпкерлік пен туризмді, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғынүй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалмақ.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде жаңадан жұмыс орындары ашылады. Аталған аудандардағы ауыл тұрғындарының орталықтандырылған ауызсуға деген қолжетімділігі 94 пайызға көтеріліп, жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар көрсеткіші 86 пайызға жетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

10 қыркүйек 2024, 16:42
10 қыркүйек 2024, 13:52
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar