USD449.3EUR489.69RUB4.89

АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

16 наурыз 2023, 14:13
Абай облысы бойынша наурыз мерекесін ұйымдастыру бойынша брифинг өтті
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Брифингте Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Амангелдіқызы және Айдар Маратұлы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы қатысты. «Абай облысында наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар идеялық-құндылықты қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданылады. Негізгі мақсат рухани және тарихи сананы жаңғырту, хадлқымыздың құндылықтарын кеңінен насихаттау. Наурызды мерекелеу аясында тазалық пен экологиялық қамқорлық бағытында республикалық «Таза табиғат» акциясы жоспарланған. Қала жастарының мұрындық болуымен көрші елді-мекендерде бұлақтың көзің ашу акциясы өтіп жатыр», - дейді Айдар Серікқазұлы.

«22 наурыз күні ашық алаңдарда халықтық тойлаулар, театрландырылған қойылымдар, концерттер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, ұлттық тағамдарды тарту ету және т.б. Іс-шаралар жоспарға кіреді»,-деп және атап өтті. Атқамінерлер тыңғылықты дайындық үстінде екені қуантады. Жалпы облыста ірілі-ұсақты 500-ге жуық іс-шара өтеді. Негізге 50 мерекелік кештер жоспарға қойылған. Биылғы кең көлемде ұйымдастырылып отырған наурыз мейрамы халықтың көңілінен шығады деген ойдамыз.

«18наурызда Абай облыстық денсаулықты сақтау басқармасымен келісіп жаңадан перинаталдық орталықтан  сол күні шығаратын сәбилерге «бұрымды қыз, атұстар ұл» деген облыстық акциясын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бұл акция аясында өмірге келген сәбилерді шығарып ал  ұйымдастырылады. Шара барысында осы жас сәбилерге ұлттық нақышқа сай арнайы олардың аналарына, сәбилерге сый-сияпат көрсетілетін болады», - деп Айдар Маратұлы алға қойған жоспарларымен бөлісті.

21 күні таңғы уақытта Степной, Шығыс, Дальный, Водный кенттерінде спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар ұсынылатын болады. Әрбір жерлерде қалалық мәдениет сарайының мерекелік тартуларын тамашалай аласыздар. Ал 22 наурыз күні ашық алаңдарда сағат 11:00 бастап концерттік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Алдағы іс-шара күндеріне арналған «Биылғы жылдың бір ерекшелігі 12 қазақ үй - 12 ауыл болып тігіледі. Яғни осы ауылдардың өзіне тарихи тұлғалардың аты беріледі. Абай ауылы, Құнанбай ауылы, сондай-ақ Төле би ауылы, Абылай хан ауылы, Қажымұқан ауылы, Шәкәрім ауылы сынды 12 түрлі ауылдар тігілетін болады», - дейді Маржан  Амангелдіқызы.

Биылғы жылғы Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтеді деген сенімдеміз!

Ботагөз МҰРАТОВА

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar