
14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтеді! Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен.
–Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын! – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.