
«2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушыны аккредиттеуден өткізді», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
«2023 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушыны аккредиттеуден өткізу ұсынылды», - дейді ол.
Айта кетсек, 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.
Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылған еді.