USD502.47EUR525.83RUB5.68

Халық Мәжіліс депутаттығына кандидаттардан үміт күтеді– сарапшы

24 ақпан 2023, 10:32
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әлішер Тастенов алдағы Мәжіліс сайлауының басты ерекшеліктеріне тоқталып, халықтың партиялардан не күтетінін мәлім етті
Халық Мәжіліс депутаттығына кандидаттардан үміт күтеді– сарапшы

«Бұл саяси доданың басты ерекшелігі - сайлау процесіне енгізілген сапалы өзгерістер мен талаптар. Егер бұрын сайлау тек партиялық тізім бойынша өткен болса, енді Мәжіліс депутаттарының 70%-ы ғана тізім негізінде, ал 30%-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Сондай-ақ, партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5%-ға дейін төмендетілген болатын. Саяси партияларды тіркеу рәсімі де айтарлықтай жеңілдетілді. Тіркеу шегі 4 есе, яғни 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендетілді. Сондай-ақ партиялардың өңірлік өкілдіктеріндегі мүшелерін 600-ден 200 адамға дейін қысқартты. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша 50/50 арақатынасы бойынша өтеді. Бұл сайлау науқанындағы жоғары бәсекелестіктің болуына ықпал етпек», - деп пікір қосты Әлішер Тастенов.

Сарапшы пайымынша, сайлаушылар партиялардан экономикалық, әлеуметтік өзгерістер жасауын күтеді.

«Ең алдымен партиялардан елдің даму стратегиялары, экономикалық тұрақтылық, атап айтқанда, жоғары инфляцияны төмендету бойынша прогрессивті идеялар мен ұсыныстар күтілуде. Сайлаушылар үшін олардың өтініштері партиялардың және бір мандатты кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларында ескерілуі маңызды. Бұл белгілі бір партияға немесе өзін-өзі ұсынған кандидатқа дауыс берудің өзекті тұсы болмақ», - деп толықтырды ҚСЗИ бас сарапшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar