USD474.83EUR515.38RUB5.5

№ 35 бағыттағы автобуста жолаушылар тасқынын тіркеп отыратын есептеуіш іске қосылды

18 ақпан 2020, 08:47
Мақсаты - бағыттың тиімділігін анықтау. Санақты көлік колледжінің оқушылары өндірістік тәжірибе кезінде жүргізеді.
№ 35 бағыттағы автобуста жолаушылар тасқынын тіркеп отыратын есептеуіш іске қосылды

Таңертеңгі мезгілде автобуыстарлық толы болса, түс мезгілінде жолаушылар саны азаяды, ал кешке қарай тағы да жолаушылар саны арта түседі. Қалалық әкімдікте жолаушылар тасқыны азайған кезде желідегі көлік санын азайтуға болады деп санайды. Бұл «гармошка» деп аталатын автобустардың жүргізушілеріне дем алуға мүмкіндік береді. 

  - Өздеріңізге белгілі, қалада қаңтардың 20 нан бастап электрондық билет жүйесі енгізілді. Енді екі күннен кейін нәтижесін білетін боламыз. Әр бағыттағы автобустардағы жолаушылар тасқынын көріп отырмыз. Электрондық билет жүйесі арқылы жолаушылардың нақты саны да белгілі болды.  Таңертең және кешке жолаушылар саны артса, сағат 9. 00 -10. 00 ден 15. 00 мен 16 .00 дің арасында көліктегі адамдардың азайғаны байқалады. Жолаушылар санын білу кез келген бағыттағы көліктің тиімділігін анықтау үшін маңызды. Осыған байланысты № 35 автобусты байқауға  алып отырмыз,- дейді Семей  қалалық ішкі саясат бөлімінің жетешісі Нұржан Есенжолов. 

  Ол сонымен бірге түс мезгіліндегі көліктер қозғалысын жолаушыларға қолайлы етіп  қарастыру да қолға алынатытын мәлімдеді.

Семей қаласының ақпаратық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar