
«Саяси науқан аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Біз бір мандатты округтер бойынша және партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидаттар тарапынан жоғары қызығушылықты көріп отырмыз, Мәжілісте де, мәслихатта да үлкен бәсеке болады. Жалпы, сайлауға кандидаттардың өздері ғана емес, сайлаушылар да үлкен назар аударғаны маңызды. Сайлаушылар бірінші кезекте таңдап дауыс беруі керек. Яғни, ресми түрде келіп, азаматтық борышыңызды өтеп қана қоймай, ең лайықты үміткерлерді қарап, соған дауыс беру қажет», - деді сарапшы.
Ол Жаңа Қазақстанның саяси өміріне жаңа адамдар келетінін тілге тиек етті.
«Мәселен, «Аманат» партиясының тізімі 75 пайызға жаңартылды, саяси аренада көптен бері жүрген партияларда жаңа тұлғалар көп. Қазақстан халық партиясы да партиялық тізімін айтарлықтай жаңартты. Жаңа партиялар да бар. Енді ең бастысы, халық тек бет-әлпетіне ғана емес, партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларына, бір мандатты округтердегі кандидаттардың бағдарламасына да назар аударады. Бұл дауыс тек мен білетін немесе естіген адам үшін емес. Олардың не ұсынатынын білу керек. Сондықтан мазмұны өте маңызды. Іске асыруға болатын нақты бағдарламасы бар адамға, құр уәде бермейтін адамға дауыс беру керек», - деді саясаттанушы Эдуард Полетаев.
Саясаттанушы жаңа партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуы бәсекені арттырады деп есептейді.
Бұған дейін Эдуард Полетаев алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы саяси жүйенің демократияланғанын көрсететінін айтқан болатын.