USD502.47EUR525.83RUB5.68

Мәжіліс сайлауы: Тағы 37 шетелдік байқаушы аккредиттелді

13 ақпан 2023, 12:16
Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 37 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.
Мәжіліс сайлауы: Тағы 37 шетелдік байқаушы аккредиттелді

«2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 1 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны ресми тіркеуден өткізді. 2023 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша комиссияға Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен, 1 халықаралық ұйымнан 37 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.

Оның нақтылауынша, Қытай Халық Республикасынан 2 және Нидерланды Корольдігінен 3 байқаушы ұсынылған.

«Сонымен қатар Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 32 байқаушы ұсынылды», - деді ол.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar