USD444.22EUR476.38RUB4.82

Семей қаласының әкімдігі заңсыз жарнамамен күресуде

07 ақпан 2023, 18:33
Кәсіпкерлердің сыртқы (көрнекі) жарнаманы, ғимараттың қасбетіндегі баннерді орналастыру алгоритмін Семей қаласы әкімдігінің мамандары ұсынды.
Семей қаласының әкімдігі заңсыз жарнамамен күресуде
  1. Жарнамалық ақпараттық баннердің эскизін жасау
  2. Дайын эскизді «Абай облысының Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бекітуге жіберу
  3. Бекітілген эскизді «Абай облысының Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жіберу.

Семей қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұзушылықтары бар заңсыз орнатылған жарнама объектілерінің алдын алу және жою бойынша жұмысты бастады.

Мониторинг жұмыстары барысында талаптарға сәйкес келмейтін жарнамалық-ақпараттық объектіні (маңдайшаларды) орналастыру фактісі анықталды. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналастырылады: сол жағында жоғарыда - мемлекеттік тілде, оң жағында төменнен - орыс тілінде, көлемі жағынан бірдей әріптермен жазылады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің айтуынша, қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың иелері аталған объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (қылтималар, лоджиялар және құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, қасбеттерде орналасқан ақпараттық тақтайшалар, ескерткіш тақталар таза және ақаусыз ұсталады. Көшелерге қасбеттермен қарайтын дүкендер мен кеңселерге жеңіл безендіру жұмыстары жүргізіледі. Ғимараттардың қасбеттері мен құрылымдық элементтерін өз бетінше түрлендіруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленуге және айырбастауға немесе жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама түрде бұзатын басқа да мәмілелер жасауға, сондай-ақ уақытша иеленетін мемлекеттік жерлерді уақытылы қайтармауға жол берілмейтін болады.

 

«Семей қаласы облыс орталығы болғандықтан, жарнамалық материалдар барлық талаптарға сай болуы керек деп санаймын. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Бұл мәселе қала әкімінің бақылауында», - деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арайбек Хамзаев.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Alikhan Bokeikhan Universitet оқытушылары және еріктілер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрнекі ақпарат пен жарнаманы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар Абай, Б.Момышұлы, Қ.Мұхамедханов, М.Әуезов көшелеріндегі көрнекі ақпарат пен жарнаманың жай-күйін бақылау мақсатында рейд өткізді.

Рейд барысында 47 нысан қамтылды. Заң бұзушылық орын алған нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіліліп отырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar