USD514.65EUR544.6RUB5.17

Лайықпы марапат

17 ақпан 2020, 09:54
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасының сегіз өрт сөндірушісі мен құтқарушысы қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларда көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Лайықпы марапат

2020 жылдың 12 ақпанында ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаев марапатқа ие болған қызметкерелерге марапаттарын салтанатты түрде табыс етті. Бұл марапатқа біздің ШҚО ТЖД Семей қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» 40-ӨСБ жүргізушісі Асхат Шандакпаев та ие болды.

«КазГидромет» РМК мәліметтері бойынша Семей өңірі аумағында 2020 жылдың 17-18 қаңтар аралығында ауа-райының нашарлауы болжанды, атап айтқанда желдің екпіні 30м/с дейін болуы, қатты қар жаууы және «нөлдік»көрініс болжанды.

Өсы кезеңде көліктің барлық түрлері үшін 10 автокөлік жолдарында қозғалыс тоқтатылды. Боран салдарынан трассалар мен күре жолдарда қар құрсауында ондаған автокөлік тұрып қалды, жол бойында адамдар мен мал жоғаллды.

Құтқарушылар қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасында болды,қар құрсауына түскен азаматтарға тәулік бойы көмек көрсетті,қиын жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру операцияларына Семей қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің құтқарушылары қатысты. Әсіресе,іздестіру жұмыстарына тікелей қатысқан және өз жұмыстарын дұрыс жүргізе білген жүргізушілер көзге түсті, олар барлық жеке құрамның, сондай-ақ қарлы трассаларда тұрып қалған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

2020 жылдың 17 қаңтарында Семей-Өскемен трассасының 40 және 80 км-де қар құрсауында бірнеше автокөлік қалып қойды, оларға адамдарды эвакуациялау қажет болды. Шақырту орнына Семей қаласының 40-ӨСБ құтқарушылары АРМ автокөлігімен шықты. Жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде қар құрсауынан 28 адам эвакуацияланды, оның 3-еуі бала.

Кейінірек, «Шүлбі-Баженово» тас жолында тагы да 8 жеңіл автокөлік тұрып қалды, 14 адамды эвакуациялау қажет болды.40-ӨСБ құтқарушыларымен тағы 14 адам құтқарылды,оның 5-еуі бала.

Семей қаласы жасағының құтқарушыларымен 28 нен 29 қаңтарға қараған түнде барлығы 46 адам құтқарылды,124 адам эвакуацияланды, 48 бірлік техника қауіпсіз жерге орналастырылды.

Асхат Шандакпаев өрт күзетінде 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді,әскерден кейін бірден Семей қаласы 40-ӨСБ жүргізуші болып келіп, жүргізу тәжірибесін жинап алды. Асхат жыл сайын өрт сөндіру бөлімшелері арасында өтетін жылдам маневрлеу бойынша жарыстан жүлделі орындарға ие болады.

ШҚО ТЖД Семей қаласы «ӨС және АҚЖҚ» жасағы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar