
Мемлекет басшысының Жарлығымен Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімі жанындағы Комиссия құрылды.
Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын әйелдер кірді. Сондай-ақ, комиссия жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Риза Молдашева қатысты.
- Бүгін біз отбасылық-гендерлік саясат саласындағы ағымдағы жағдайды талқылаймыз. Сонымен қатар, комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастыру және оны талқылау қажет, - деп атап өтті әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков.