USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысында құрылыс саласында бақылау қалай жүзеге асырылатыны жайлы айтылды

31 қаңтар 2023, 11:37
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облыстық Бақылау басқармасының басшысы Азамат Байқазақов атап өткендей, жалпы өткен жылдың 6 айында 531 өтініш қабылданып, қаралған.
Абай облысында құрылыс саласында бақылау қалай жүзеге асырылатыны жайлы айтылды

Бақылау басқармасы келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Абай облысының аумағында салынып жатқан нысандарға мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау және қадағалау жүргізу;

2) лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау;

4) қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде қауіпсіз еңбек шарттарында құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Сәулет-құрылыс бақылау саласында 30 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның аясында 30 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 15,6 млн теңгені құрайтын 78 әкімшілік іс қозғалса, басқарма салған айыппұл сомасы 10,8 млн теңгені құрады, - деді Азамат Байқазақов.

2022 жылы басқармада еңбек заңнамасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 194 өтініш қаралған.

Жеке қабылдауға 240 қызметкер келген және оларға еңбек заңнамасы бойынша түсініктемелер берілген. Бұл ретте 24 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 42 бұзушылық анықталған.

Атап айтсақ, жалақыны уақтылы төлемеу, төлемді кешіктіргені үшін өсімпұлды есептемеу, қызметкерлерді үстеме жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту, еңбек шартын жасамау, тәртіптік жаза қолданумен келіспеу, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарламау және т.б.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарында тұрақты түрде түсіндірме әңгімелер жүргізеді. 2022 жылдың 6 айында 150-ден астам қызметкердің қатысуымен кәсіпорын ұжымдарымен 30 кездесу өткізілді.

- Облыста 2 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасады.

Басқарма облыстағы 5 ірі кәсіпорында бақылау субъектісін аралап, еңбек заңнамасының сақталуына, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша профилактикалық бақылау жүргізу жоспарлап отыр, - деп түйіндеді сөзін Азамат Байқазақов.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar