
Рейдтік іс-шаралардың негізгі міндеті табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ оларды анықтау және жолын кесу болып табылады.
Жануарлар түрлерін, балық ресурстарын аулауға рұқсат алу тәртібі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңында және Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларында көзделген.
Сонымен қатар, балық ресурстарын, жануарлар түрлерін және олардың дериваттарын заңсыз өндіргені үшін құқық бұзушылық түріне және келтірілген залалға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз.