Ойланбастан от ортасына қойып кетіп, қанша адамды ажалдан аман алып қалған бұл әрекетін Қуандық анау айтқан ерлікке бағаламайды. Сол кезде өрт болған нысаннан 79 адам құтқарылса, оның 20 сы балалар еді.
-Менің орнымда кім де болса осылай істер еді. Ойланып жатуға уақыт жоқ. Жатақхана тұрғындарының басым бөлігі қарттар мен балалар болатын,- дейді Қуандық Қанатов.
Былтырғы жылдың мамыр айында көрсеткен осы ерлігі үшін ефрейтор Қуандық Қанатов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Енді міне, ол «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
Радиотехника және байланыс колледжінің оқушылары кездесуде жерлес жеңімпазға өз сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Семей қаласының ақпарат орталығы