
Өңір басшысы өндірістік нысандардың басшыларымен кездесіп, жинақтау желілерін де аралап көрді. Машина жасау саласы облыс экономикасының дамуына ерекше үлес қосып отыр.
Семейдегі зауыттар азаматтарды жұмыс орындарымен қамтып, әлеуметтік қамтамасыз етуді де жүзеге асырып отыр. Өнімдер үлкен сұранысқа ие. Мысалы, «Daewoo Bus» зауыты шығарған автобустарды Қазақстанның көптеген қалаларында көруге болады.
– Зауыттың ассортименті кең. Техникалар коммуналдық қызмет саласына, автокөлік кәсіпорындарына, жолаушылар тасымалына да арналған, – деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.
«Daewoo Bus Kazakhstan» зауыты Қазақстандағы бірінші толық циклді автомобиль құрастыру зауыты. Өндіріс импорттық автокөлік жинақтарынан тораптар мен агрегаттарды құрастыруды ғана емес, сонымен қатар шанақтарды құрастыру-дәнекерлеуді және бояуды қамтиды.