
Өңір басшысы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, Ж. Үшкемпіров атындағы № 1 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, “Тарлан” спорт кешенінде болды.
«Шаңғы базасы” 1966 жылы салынған және ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеуді, сондай-ақ барлық маусымдық шаңғы трассасының қосымша құрылысын қажет етеді. Сонымен қатар, спорттық жабдықтардың жетіспеушілігі бар, деп атап өтті мамандар.
- Тиісті спорттық инфрақұрылым құрылатын болады. Спорттың барлық түрлерін дамыту маңызды. Кешенді жоспар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, Мұз сарайын және басқа да көптеген нысандарды салу көзделген, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.