USD444.22EUR476.38RUB4.82

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы: Қандай ұйымдар кандидаттар ұсына алады

30 қаңтар 2023, 10:34
– ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізудің негізгі кезеңдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауы: Қандай ұйымдар кандидаттар ұсына алады

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады.

«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

«Парламент Мәжілісінің депутаттығына соңғы 10 жыл бойы Қазақстан аумағында тұратын, 25 жасқа толған азамат кандидат бола алады. Мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам және сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсі заңда белгіленген тәртіппен сотта анықталған адам ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депутаттығына кандидат бола алмайды», - деді Константин Петров ОСК отырысында.

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы мына ұйымдарда болады:

1) партиялық тізімдер бойынша сайланатындар – саяси партиялар;

2) бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатындар – саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы сайланады.

«Партиялық тізім бойынша құжаттар Орталық сайлау комиссиясына, бірмандатты сайлау округтері бойынша құжаттар – тиісті округтерге ұсынылады», - деп нақтылады К. Петров.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar