USD447.4EUR477.55RUB4.76

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 4-5 бюллетень болады

30 қаңтар 2023, 10:20
– 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында сайлаушылар 4 немесе 5 бюллетенде дауыс береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 4-5 бюллетень болады

«Сайлауда бір емес, 4 немесе 5 бюллетень болады. Парламент Мәжілісі депутаттарын пропорционалды негізде, яғни партия тізімі бойынша сайлауға бөлек бюллетень болады. Ол барлық өңірлерде барлық сайлау учаскелерінде таратылады.

Екінші бюллетень – Парламент Мәжілісінің бірмандатты депутатына арналған, мұнда әр округтен 29 депутат сайланады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссияның бүгінгі отырысында.

Үшінші бюллетенде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының мәслихаттарына сайланғысы келетін партиялар тізімі болады.

Төртінші бюллетень – облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының бірмандатты округы үшін таратылады, онда да кандидаттар ұсынылады.

«Бесінші бюллетень облыстарда 17 өңірде қолжетімді болады, бұл қалалық немесе аудандық мажоритарлық бюллетень болады. Мәселен, Түркістан облысының Шардара ауданында тұратын адамға өз ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау бюллетені беріледі. Осылайша, мегаполистерде 4 бюллетень, қалған өңірлерде 5 бюллетень болады», - деді К. Петров.

Сонымен бірге «Бәріне қарсымын» бағанасы барлық бюллетенде көрініс табады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar