USD448.15EUR483.46RUB4.86

Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында

27 қаңтар 2023, 15:27
Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында

Үкіметте бекітілген жоспарда көптеген маңызды құрылыстар қамтылған. Нысандардың тізіміне сәйкес, жер телімдері анықталған соң, жобалық-сметалық құжаттар дайындалады.

- Қаладағы заңсыз құрылыстарға келетін болсақ, Абай облысының бақылау басқармасы мен архитектура және құрылыс басқармасы Семей қаласы әкімдігімен бірлесіп, салынып жатқан құрылыс нысандарының құжаттарын заңдастыру бойынша елеулі жұмыстар атқарды. Бұдан бөлек, қаладағы ұйымдастырылмаған сауда-саттық орындары бойынша Семей қаласы әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынуда, - деді Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы Бейбітшілік аралындағы туризмді дамыту мақсатында тағы бір көпір салу жоспарда бар екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі шешілуде.

Семей қаласының оң жағалауындағы жылумен қамтудағы қиындықтарға байланысты жаңа құрылыс нысандарын салуға шектеу қойылған. Басқарма басшысының айтуынша, құрылыс жүргізуге рұқсат қағаздарын алып, құрылысын бастаған нысандарды ғана жылумен қамту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл мәселе бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы жұмыстар жүргізуде.

Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылға қарай Семей қаласының сол жағалауында 400 орынға арналған Оқушылар сарайы салынады.

- Сонымен қатар сол жағалауда спорт кешенін салу көзделіп отыр. Алдын ала жер учаскесі анықталды. Қазір мердігерімен келіссөздер жүргізілуде. Қажетті құжаттарды алғаннан кейін, нақты қандай нысан салынатыны анықталады,- деп қорытындылады Айдын Бегімбеков.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar