
Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша облысымызда 340 мың м2 тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2021 жылға қарағанда өсу қарқыны 104,1 %-ды құрайды.
- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл-Ел бесігі», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» сынды ұлттық жобалар жүзеге асады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары ашылатын болады, - деді Айдын Бегімбеков.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында облысымызда 11 мектеп ашылады:
- 2023 жылы Семей қаласында – Қарағайлы ықшам ауданында (1800 орын), Водный кентінде (600 орын), Аягөз қаласында (600 орын), Ақсуат пен Бесқарағай аудандарында (300 орын) білім беру орындарының құрылысы басталады.
2024 жылы қалған 6 мектептің құрылысы жалғасады.
- Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен KazMinerals компаниясының ортақ келісімшарты негізінде тағы 1200 орындық жаңа мектеп пен бірнеше мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы ғимараттар салынады, - деді Айдын Бегімбеков.
Семей қаласында өткен жылы басталған 18 несиелі тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Биыл облысымызда тағы 22 несиелі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр:
Оның 19-ы Семей қаласында, 1-і Курчатов қаласында, 2-і Аягөз қаласында бой көтереді.
Биыл Ақсуат ауданында дене-шынықтыру кешені ашылды. Бородулиха мен Қайнар ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталуда. Үржар ауданында Өлкетану мұражайының филиалына және Ақсуат ауданындағы Көкжыра ауылдық клубына 2 жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жоспарлануда. «Ауыл-Ел бесігі» ұлттық жобасымен Семей қаласындағы Приречное ауылының мәдениет үйінің қайта құру жұмыстары жалғасын табуда.